Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Коко Шанельдің қанатты сөздеріКОКО ШАНЕЛЬДІҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ

Сән мен стиль патшайымы Коко Шанель өмірден өткен ғасырда өтсе де, сән мен сұлулық әлемінде еш теңдесі жоқ аңыз әйел болып қала бермек. Коко өзінің ерекше талғамы мен жан сұлулығына деген ынтасымен танымал. Сонымен қатар, оның артынан қалған қанатты сөздері ешкімді ойландырмай қалдырмайды. Бүгінгі мақалада мен әрбір әйел заты оқу керек деп есептейтін Коконың 20 қанатты сөзін қазақ тіліне аударып, ұсынып отырмын.

1. Сән-салтанат – қолайлы болу керек, әйтпесе ол сән-салтанат емес.

2. Кішкентай қара көйлекке бас иіңіздер!

3. Сән өтеді, ал стиль қалады.

4. Әдемілікке күтім жасаған  кезде, жүрек пен жаннан бастау керек, әйтпесе, ешқандай косметика көмектеспейді!

5. Сіз мен туралы не ойлайтыныңызға түкіргенім бар. Мен сіз туралы мүлде ойламаймын.

6. Шалбар әйелді ерікті етеді.

7. Жиырма жасыңызда сізде табиғат берген бет;

Отыз жаста сізде өмір салып берген бет-әлпет;

Елу жаста сізде өзіңізге лайық бет-әлпет.

8. Мінсіз белдемше тізені жауып тұру керек.

9. Бәрі біздің қолымызда, сондықтан оларды түсірмеу керек.

10. Алғашқы әсер қалдыру үшін сізде екінші мүмкіндік болмайды.

11. Баға жетпес әйел болу үшін үнемі өзгеріп тұру керек.

12. Иіс су – көрінбейтін, бірақ ұмытылмайтын үздік сәнді аксессуар. Ол әйелдің келгені туралы хабар беріп, ол кеткеннен кейін де оны еске түсіріп тұрады.

13. Қартаю махаббаттан сақтамайды, бірақ махаббат қартаюдан сақтайды.

  1. Әрбір әйел әдемі болып туылмайды, егер ол 30 жасқа келгенше, сұлу болмаса, онда ол жай ғана ақымақ.

15. Егер қандай да бір әйел сізді сұлулығымен таң қалдырса, бірақ сіз ол қандай киімде болғанын есіңізге түсіре алмасаңыз, – онда ол әйел киінгені еш мінсіз болған.

16. Әйелді тым қымбат киім секілді еш нәрсе қартайта алмайды.

17. Қолдар – қыздың визит карточкасы;

Мойын – төлқұжаты;

Кеуде – шетелдік төлқұжаты.

18. Боянбайтын әйел – тым өркөкірек.

19. Сұлулық қалады, ал жақсы сыртқы келбет жоғалады. Алайда әйелдер сұлу болуды емес, жақсы келбетті болып қалуға тырысады

20.Талғамы жақсы адамдар бижутерияны тағады, ал қалғандары алтын тағуға мәжбүр.

© Коко Шанель

http://massaget.kz/blogs/13401/

Рубрика: