АЛТЫНОРДА
Новости

Киевте «ескерткіш құлатқан күдіктілер» ұсталды

d43359d9-07f0-4f0b-8c59-1d8d3ce7fd45Киев полициясы қала орталығында совет көсемі Ленинге орнатылған ескерткішті құлатып, қиратты деген күдікпен бірнеше адамды ұстады. Бұл туралы Украинаның оппозициялық «УДАР» партиясы хабарлады.

Мұның қарсаңында ескерткіштің заңсыз құлатылуына қатысты «жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Бұл бап бойынша айыпты деп танылғандар сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

8 желтоқсанда Украина қауіпсіздік қызметі кейбір оппозиция жетекшілерінің үстінен «мемлекеттік билікті басып алу әрекетіне» қатысты тергеу басталғаны туралы хабарлаған еді.

Киевте Украинаның Еуропамен интеграциялануын жақтаған акцияларға жарты миллионға тарта адам қатысқан. Қазір «Еуромайдан» деп аталатын акция шеңбері Тәуелсіздік алаңынан асып, бүкіл үкімет үйі ғимараттары орналасқан аумаққа жайылған. Жексенбі күні түнде акция жүріп жатқан аумақтарда жүздеген белсенді кезекшілік жасап, баррикадаларды нығайтқан. Оппозициялық «Батькивщина» партиясының хабарлауынша, өзін-өзі қорғайтын 15 отряд құрылып, олар акциялар кезінде әр үш сағат сайын бір-бірін алмастырып отырмақ.

Бүгін таңертең демонстранттар бас прокуратура мен министрлер үйі және президент әкімшілігі алдында шеру жасау үшін колонналар жасақтай бастады. Бірақ үкіметтік ғимараттарға кіретін жолды ішкі әскер тиелген автобустар жауып тастаған.

8 желтоқсанда акцияға қатысушылар Виктор Януковичке 48 сағат ішінде Николай Азаров үкіметін отставкаға жіберу жайлы талап қойып, ол орындалмаған жағдайда президент резиденциясын қоршауға алатындарын ескерткен.

Осы апта соңында Еуропа Одағы сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Киевке бармақ.

 

http://www.azattyq.org