АЛТЫНОРДА
Новости

Келесі жылы Қазақстанда Toyota Fortuner көлігі шығарыла бастайды

АСТАНА. 12 ақпан. Baq.kz – Бүгін «Toyota. Қазақстанда жасалған» жобасы бастау алады. Астанада «Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясы мен ҚР Үкіметі Қазақстанда Toyota Fortuner автокөлігін құрастыру бойынша әріптестік орнату жөніндегі меморандумға қол қойды.

 

Автокөлік 2014 жылдан бастап Қостанай қаласындағы «Сарыарқа-Автопром» ЖШС базасында құрастырыла бастайды. Жоба бойынша өндіріс орнынан жылына 3000 көлік шығарылмақ.
Меморандумға ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрi Әсет Исекешев пен «Тойота Мотор Еуропа» президенті және «Тойота Мотор Корпорэйшн» аға атқарушы директоры Дидье Леруа қол қойды.
http://www.baq.kz/news/23169