АЛТЫНОРДА
Новости

Қазыналар сізді күтіп жатыр!

Ғалымдардың есептеуінше, қазіргі уақытта жер мен су астында 900 млрд. доллар көлеміндегі ірілі-ұсақты қазбалар бар екен. Қысқасы, іздеуге болатын дүние жеткілікті. Бірнеше ғасырлардан бері аңыз болып шертіліп келе жатқан қазыналарды табу бақыты ешкімге бұйырмай тұр. Бәлкім олардың бірінің қожайыны сіз боларсыз?

1. Инктердің қазынасы. Инктердің императоры Атауальп бір кездері испан тайпасына тұтқын болады. Сонда конкистадор Писсаро инктерден екi айдың ішінде бір бөлмені алтынға толтырып қоюын талап етеді. Ол шамамен 50 шаршы метр алтын! Межелі уақыт жеткенде бөлме алтынға әлі де толмаған еді. Шыдамы таусылған Писсаро Атауальпты дарға асады. Ал жиналған құшақ-құшақ қазынаның қайда екені әлі күнге дейін белгісіз.

2. Маккена алтындары. Юта штатындағы Кенаб қаласының аумағында орналасқан Ақ тауда император Монтесуманың көмбесі жасырылған деседі. Осы бір құпияның шеті ашылмай келе жатқандығына 450 жылдан астам уақыт өтті. Байлықтың құны шамамен 10 млрд. долларды құрайды екен.

3. Тамплиерлердің көмбесі. 1306 жылы француз королі Филипп Тамплиерлердің ұйымына мүше адамдардың бәрін өлім жазасына кеседі. Өйткені, одардың жасырып жүрген байлықтары бар екендігі анықталады. Бірақ, осындай ауыр жазаға кесілсе де, олардың ешбірі қазына туралы тіс жармай кеткен. Байлықты қолға түсіру болашақтың еншісінде жатыр.

4. Иоанн корольдің керуені. Ағылшындық корольдің барлық қазынасын тиеп әкетіп бара жатқан керуен ойда-жоқта ми батпаққа батып кетеді. Мұндай қайғыға шыдай алмаған Иоанна ертесіне өзіне қол жұмсайды. Жоғалған байлықты іздегендердің санына жету мүмкін емес. Бүгінде шалшық құрғап үлгерді. Ал байлық…

5. Атилланың моласы. Ғұндардың аңыздарына сенсек, олар өздерінің көсемдерін ақтық сапарға шығару барысында оның табытын алтын тілімшелермен қаптап, қабірге асыл тастар сепкен. Атилланың моласы Будапешт аумағында орналасқан деп айтылады.

6. Шығыс ханның қазынасы. Ханның жерлеу рәсімі өткізілетін жерге барлық байлығы жеткізілген деседі. Одан кейін көмілген жердің үстімен бір үйір жылқыны жүргізеді де, жерлеу рәсіміне қатысқан адамдарды түгелдей өлтірген. Қазір бұл мекеннің дәл қай жерде екендігін ешкім де білмейді.

7. Соломон патшаның кеніші. Інжілде келтірілген деректерге сүйенген қазба іздеушілер Соломон патшаның табиғи алтынға бай кенішін іздеуді тоқтатқан емес. Ол жер шамамен Араб түбегінде жатыр.

8. Қасиетті Грааль, яғни, Иисустың тамақ ішкен тостағаны да әлі күнге ешкімнің қолына түскен жоқ.

9. Қазыналар аралы. Стивенсонның романына арқау болған арал негізінде Кокос деп аталады. Онда жасырылған байлық әлі күнге дейін табылмады. Мәліметтерге сүйенсек, бұл жерде 500 кг. таза алтыннан жасалған мүсін бар. Ол меруерттер мен және гауһар тастармен безендірілген. Сонымен қатар алмас пен алтын толтырылған жүздеген сандықшалар мен 9 мың алтын тиын болу керек деген мәліметтер бар.

Біз сізге жай ғана бағыт беріп өттік, ал қазынаны іздеу сіздің құзырыңызда!

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

http://massaget.kz