АЛТЫНОРДА
Новости

«Қазмедиа» орталығында Наурыз мерекесі тойланды

АСТАНА. 9 сәуір. BAQ.KZ – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Астанада әлі де өз жалғасын табуда. Бүгін Наурыз мерекесіне байланысты «Қазмедиа» орталығы қызметкерлері арнайы көрме ұйымдастырып, орталыққа келушілерге наурыз көже мен бауырсақтар ұсынды.

 

 

Перизат Көшкінбаева, «Қазмедиа» орталығының веб-журналисі:

 

— Біздің ұжым қызметкерлері мен серіктес мекемелер арасында осылай Наурыз мерекесін атап өткенді жөн көрдік. Бұл мерекелік шарамыз балаларға арналған Наурыз тойына жалғасатын болады. Басты мақсатымыз ұлтымыздың мерекесін бір күн ғана емес, жыл бойы ұлықтау.

 

 

 

 

                    

 

 

Айта өтейік, «Қазмедиа» орталығы қызметкерлері орталыққа келушілерге арнап арнайы наурыз көже мен бауырсақтар ұсынды. Орталықтағы қызметкерлер мен қонақтар «Қазмедианың» бұл игі шарасына өз алғыстарын білдірді.

 

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

 

Суретті түсірген автор.

http://baq.kz/kk/news/45607