АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанның Қытайдағы мәдениет күндерi аясында гала концерт өттi

асис
Астана. 7 қараша. Baq.kz — Қазақстанның Қытайдағы мәдениет күндерi аясында Бейжiңде гала концерт өттi. 

Гала концертте 100-ден астам қазақстандық әртiс өз өнерiн ортаға салды. Олардың арасында жас таланттармен қатар, елге еңбек сiңiрген өнер майталмандары, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Astana Ballet» хореографиялық труппасы да бар. Олар қытайлық көрермендер назарына қазақ халқының бай мәдениетi мен өнерiн паш еттi.

«Қазақстанның Қытайдағы мәдениет күндерi аясында Бейжiңдегi Ұлттық орталықта мұндай концерт өтiп жатқанына қуаныштымыз. Бұл Қытайдағы ең керемет өнер сарайы болып табылады. Қытай мен Қазақстан ежелден берi достық қарым-қатынаста болған. Биiк шыңдарын қар шалған Тянь-Шань таулары екi ұлт арасындағы достықтың куәсi», — дедi концерттi ашқан Қытайдың Мәдениет министрi Цай У.

1,5 сағатқа созылған шараны көрермендер үлкен ықыласпен қабылдап, ұмытылмас әсерге бөленді.

«Бүгiнгi концерт тамыры тереңде жатқан қазақ мәдениетiн тағы бір рет паш етті. Бiз өнердiң сан түрiне тәнтi болдық. Опера шырқалып, балет қойылды, ұлттық өнермен таныстық. Мен өзiмдi Қазақстанда жүргендей сезіндiм. Концерттен зор ләззат алдым»,- дедi Әзiрбайжанның Қытайдағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Лятиф Гандилов журналистерге берген сұхбатында.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Дмитрий Мезенцев те гала концерттен алған әсерiмен бөлiстi. Оның айтуынша, концерт Қазақстан мен оның мәдениетiне үлкен серпіліс жасап қана қоймай, ұлттың мақтаныш сезімін туғызғаны сөзсіз.

«Мұнда әртiстер өз өнерiн ғана емес, бiртұтас елдiң бiрлiгiн әлемге көрсете бiлдi. Бұл әлеуметтiк жетiстiк. Осы жолда қазақстандықтар 20 жыл бойы еңбек етті. Мұнда Сiздердiң Мемлекет басшыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаевтың зор үлесi бар екенін атап өткен жөн. Ұлттың отансүйгiштiк қасиетi, болашаққа деген ұмтылысы зор», — дедi ол.

http://baq.kz/kk/news/38731