АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі диагностикалық зертхана құрылады

Қазақстанда «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ негізінде әлемдік деңгейдегі диагностикалық зертхана құрылады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қазақстан диагностикалық орталықтары қауымдастығының отырысында: «Республикалық диагностика орталығы» басшылығымен бірлесе отырып, әлемдік деңгейдегі зертхана құруды шештік. Ол диагнозшылардың барлық мәселелерін шешуге көмектеседі», — деді холдингтің басқарма төрағасы Кеннет Әлібек.

Оның  айтуынша, бұл жобаны жүзеге асырудағы алғашқы қадам жаңа диагностикалық әдістемелер туралы ақпараттық хаттарды холдинг клиникаларына тарату болды, мұндай материалдар аудандарға да жеткізіледі.

Зертхана құру кезінде, Қазақстан үшін өзекті диагностикалық технологиялар ескеріледі. Уақыт өте келе, мұндай зертханалар аудандарда да пайда болады.

Холдинг басшысы қатысушыларға зертхананың мақсаты тек ауруға диагностика жасап қана қоймай, сонымен қатар ілеспелі ауруларды да анықтау, жанама көрсеткіштер бойынша аурудың бастапқы кезеңін анықтау және алдыңғы қатарлы әдістемелерді республикаға тарату болып табылатынын айтты.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
http://massaget.kz/alemtanu/Qazaqstanym/8483