АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастық перспективалары талқыланды

АСТАНА. 31 қаңтар. BAQ.KZ – Бүгін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлері кездесті. Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу өткен жылдың қорытындысын шығарып, ынтымақтастықтың таяудағы перспективаларын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екі елдің қорғаныс министрлері әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы және қорғаныс саласындағы ауқымды мәселелер туралы пікір алмасты.

 


«Бүгінгі күні Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс саласындағы қарым-қатынасында толықтай өзара түсіністікке қол жеткізілді және оң динамика жоспарланды. Біз екі елдің қорғаныс саласындағы өзара іс-қимылдарын бұдан да сапалы деңгейге шығаруға мүдделіміз», – деді Ә.Жақсыбеков.
Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу әуе шабуылына қарсы бірыңғай қорғаныс жүйесі бойынша істің жай-күйі мен құжатты ратификациялаудан кейінгі бірлескен іс-қимылдарды талқылады. Сондай-ақ, әскери-техникалық ынтымақтастық, Қазақстанның сынақ полигондарын Ресейдің жалға алуы мен пайдалану тәртібіне қатысты мәселелері қаралды.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ
 (фото).

http://baq.kz/kk/news/42913