АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан мен ЕО келісім жобасын талқылады

Қазақстан мен Еуропа Одағы (ЕО) Астанада өткен келіссөздердің алтыншы кезеңі барысында әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім жобасының бірқатар тұстарына қатысты мәміле жасасты деп хабарлады 16 мамырда Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Келіссөздерде Қазақстан делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, ЕО делегациясын Еуропа сыртқы байланыстар қызметінің Ресей, Шығыс әрістестігі, Орталық Азия, ЕҚЫҰ және аймақтық ынтымақтастық департаментінің директоры Гуннар Виганд басқарған.

Екі жақ келіссөздерде болашақ келісімнің саяси, құқықтық, сауда-инвестициялық, экономикалық және гуманитарлық салаларды қамтитын барлық бөлімдерін талқылап, нәтижесінде оның бірқатар тұстары бойынша мәмілеге келген.

Қазақстан мен ЕО делегациясы жаңа келісім бойынша келіссөздердің келесі кезеңін биыл жазда Брюссельде жалғастыруға уағдаласқан.

Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстан ЕО-мен келісімге қатысты келіссөздер 2014 жылдың соңына дейін аяқталады деп үміттенеді

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140516/330/330.html?id=25386904