АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан Қырғызстанға наразылық нотасын жолдады

434_4c3582035aa5bbcf315fce072300010f Астана. 16 шілде. Baq.kz – Тату көршілікке жатпайтын әрекет. Бүгін ресми Астана қырғыз тарапының ісін осылай атады. Бірнеше күннен бері дипломатияға салып, әліптің артын бағып келген еліміздің Сыртқы істер министрлігінің қатқыл үні бүгін шықты. Қырғызстаннан су арнасын бөгеп отырғандарды райларынан қайтаруды талап етіп, наразылық нотасын жолдады.

 Нұржан Айтмаханов, Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз хатшысы:

— Осыған орай Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министріне, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрі тарапынан наразылық нотасы жолданды. Онда қазақстандық тарап «Быстроток» каналын қайта жандандыру бойынша қырғыз тарапынан тез рада тиісті шараларды қабылдауға шақырды. Және алдағы уақытта Қазақстан мен Қырғызстан шекара аймағындағы мемлекатаралық каналдың режимін біржақты өзгертуге жол бермеуін талап етті.

Әйтпесе, Талас облысы тұрғындарының каналды өз бетінше бітеп, су жібермей отырғанына екі аптадан асып барады. Қырғыздар қазақтарға тиесілі бес мың гектар жерді берсеңдер ғана райымыздан қайтамыз деп қоқаңдап отыр. Осының кесірінен Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты алты бірдей ауылға су бармай, егістік алқаптары қурап кеткен. Жерден нәпақасын айырып отырған шаруалар шыр-пыр. Ресми Бішкектің өз азаматтарына әзірше сөзі өтер емес. Бір қызығы, каналдың бөгелуінен төменгі ағыста тұратын қырғыздардың өздері де сусыз отыр.

КТК