АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақстан-Қырғыстан шекарасында бақылаудың 14 түрі күшін жойды

1b6d9cef113e16ddadeb9e4ea81a72e4Қырғызстан Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі атанды. Бүгін, яғни 12 тамыз күні Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қосылуы туралы шарт күшіне енді. Осыған орай қазір Ақ-жол” бақылау-өткізу пунктінде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының ашылу рәсімі өтіп жатыр. Екі елдің шекарасында бақылаудың 14 түрі алынып тасталды. Бұл туралы Қырғызстанның «Sputnik» агенттігі хабарлады.
“Ақ-жол” бақылау-өткізу пунктінде өтіп жатқан салтанатты рәсімге екі елдің басшылары қатысуда. Президенттер қол қойған келісім бойынша шекарадағы бақылау оңтайландырылды. «14 бақылау түрі алынып тасталды: фитосанитарлық, карантиндік, кедендік және тағы басқалары. Қалдырылғандары: радиациялық және шекаралық бақылау», – деп мәлімдеді Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі баспасөз-хатшылығының басшысы Гүлмира Борубаева. Енді шекараны кесіп өту кезінде жүктер радиацияға тексеріліп, есірткі, қару, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілердің бар-жоқтығы анықталып отырады. Борумбаеваның айтуынша, жүктерімен шекараны кесіп өтетін кәсіпкерлер мемлекеттік бақылаудан өз еркімен өту туралы талондар толтырады екен. Айта кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында барлығы 8 бақылау-өткізу пункті бар.

Анар Лепесова 

http://turkystan.kz/