АЛТЫНОРДА
Новости

Қазақ жазушысы түркі халықтары сыйлығын алды

Қазақстандық жазушы Нұрғали Ораз түркі халықтары арасында жарияланған Махмұд Қашғари атындағы сыйлықтың бірінші орнына ие болды.

Қазақстан жазушылар одағы жанындағы «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры Жанарбек Әшімжанның Азаттыққа айтуынша, Нұрғали Оразға сыйлық Әзербайжан астанасы Бакуде берілген. Жыл сайын берілетін бұл сыйлықты түркі халықтарының Еуразия жазушылар одағы тағайындаған. Бәйгеге түрік, қазақ, әзербайжан, татар, башқұрт, тува, саха, якут және басқа да халықтардың жазушылары қатысқан.

«Нұрғали Ораз бұған дейін қазақ жазушылары арасында жарияланған бәйгеге де алғашқы орын алған» дейді Жанарбек Әшімжан.

Нұрғали Ораз «Аяқталмаған ертегі», «Даладан қалаға келгендер», «Биіктегі сұлулық», «Түнгі жалғыздық» деп аталатын әңгімелер мен повестер жинағының авторы.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141208/330/330.html?id=26731115