Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

2015 жылы Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған негізгі мерекелік шаралар Шу алқабында тойланады. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, келер жылы тойланатын барлық мерекелер Қазақ хандығының 550 жылдығына арналмақ.

«Негізінен тарихи және идеологиялық бағыттағы іс-шаралар жоспарланып отыр. Қорытынды негізгі шаралар Шу мен Талас арасындағы алқапта қыркүйек айында өткізіледі» деді министр.

Ол қазір мерекелік шараларға жұмсалатын қаржының есептеліп жатқанын айтты.

Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы қазақ мемлекеттілігіне 550 жыл толатынын айтқан еді.

Азаттык радиосы

Рубрика: