Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 4 ақпан. Baq.kz Қазақ-өзбек шекарасында тағы да оқ атылып, оңтүстік қазақстандық бір азаматы жарақат алды. 

 

Қазір Сарыағаш ауданының 26 жастағы тұрғыны аудандық ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр. Оқ оның ішкі құрылысын зақымдаған. Жарақат алған азаматтың сөзіне сенсек, оқ өзбек шекарашылары жағынан келіп тиген. Бұл оқиға сенбі күні таңғы 6-лар шамасында Ынтымақ елді-мекенінің тұсында орын алды.

Оқиға орнында жұмыс істеген тәртіп сақшыларының мәліметінше, Қазақстан азаматы Зах каналы арқылы өзбектан шекарасын кесіп өтпек болған көрінеді. Сол сәтте шекара бұзушыны байқап қалған өзбекстан шекарашылары шүріппені басып салған.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы:

Бұл іспен қазір әскери тергеу басқармасы айналысып жатыр ОҚО бойынша. Сол негізінде тергеу барысында анық-қанығы болады. Бұл азамат, ҚР-ның азаматы қай мақсатта өтпекші болған. Осы шекараны бұзып, заңды ма, заңсыз ба, оның бәрі тергеу барысында анықталады.

Берік ХАСЕНОВ

Астана

Рубрика: