АЛТЫНОРДА
Регионы

Қарағандылықтарға «Қолжетімді баспана» алудың шарттары таныстырылды

ВысоткиҚазіргі таңда Қарағандыда 8 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Олардың барлығы да баспаналы болсам деген үмітпен жүрген адамдар. Бірақ құрылыстың қарқынына қарасақ, көптеген тұрғындар үшін баспаналы болуға 20 жыл, тіпті 30 жылдай уақыт қажет. Жыл сайын кезек тізімі мың адамға өсуде. Осы орайда Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов баспана кезегінде тұрған қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында қала басшысы «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасының шарттарын да таныстырды.

 

Кездесуге келген қала тұрғындарына аталған мәселені шешуге арналған «Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасы таныстырылды.

«Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасында 9 бағыт бар. Ол бойынша баспананы жалға алуға болады. Ал жалға алынған пәтердің төлемақысы пәтерді сатып алған банктің есеп-шотына аударылып отырады.

«Ақша белгілі бір адамның қолына кетпейді, ол қаражат баспана сатып алуға жұмсалады. Баспаналы болу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Қазақстанның ипотекалық компаниясы бірнеше нұсқалар ұсынып жатыр. Бұл баспана кезегінде тұрған адамдар пәтерді әлдеқайда жылдам ала алады деген сөз. Әрине, тегін емес, бірақ, әдеттегі банктердегі ипотекалық кредиттеуден едәуір арзанға ала алады. Қазір көптеген адамдар пәтерді жалға алып тұрып жатыр. Ендеше, өзге адамға ақша төлегенше, өз пәтерің үшін ақша төлегенге не жетсін», — деді әкімдік қызметкерлері кездесуде.

«Мұндай үйлер мен пәтерлердің түрі, құрылысы қандай болатыны жиын кезінде көрсетілді. Қызығушылық танытқан адамдарға Тұрғын үй құрылыс банкі мен Қазақстанның ипотекалық компаниясының мамандары сол жерде-ак кеңестер беріп жатты», — деді баспасөз қызметінде.

Қ.Жұмағалиұлы

Қарағанды