АЛТЫНОРДА
Новости

КАПИТАЛ АМНИСТИЯСЫНАН ҮМІТ ҚАНДАЙ?

 legaliz-lsmКапитал жариялау науқаны қыза түскендей… Шара басталған екі айдың ішінде  Қазақстандық жеті «доллар миллионері» анықталып үлгеріпті. Олар Алматы мен Астана тұрғындары. Қазіргі сәтте «миллионерлерге» еліміздің екінші деңгейлі банктерінен бірнеше есепшоттар ашылды. Жалпы сома 1,5 млрд теңгені құрайтынын тәуелсіз ақпарат көздері хабарлап отыр.  Үкіметтің бұл жолғы капитал жариялау науқанынан күткен үміті зор. Ол мемлекет бюджетіне 12 млрд долларды қайтарады деген болжам жасап қойған. Акция басталғалы  2,5 мың адамнан өтініш келіп түскен. Мысалы, Алматы қаласынан 800-ге жуық тұрғын мүлкін жариялауды жөн санапты, олардан шамамен 10 млрд теңгеден астам капитал ел банкіне аударылды. Негізінен мүлкін капиталдандыруға ниет танытқандардың басым бөлігі 9,2 млрд теңге соманы құрайтын жылжымайтын мүлікке тиесілі. Науқан екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асуда. Осы күні 584 млн теңгені құрайтын 5 жинақтау есепшоттары ашылған болса, соның нәтижесінде бюджет қоржынына 15 млн теңге шамасында ақша түскен. Бұл ел ішіндегі мүлік жариялау науқанының дәл қазіргі сәттегі көрінісі. Ал, шетелдегі мүлкін жария еткісі келетін қазақстандықтардың әзірге төбесі көріне қойған жоқ…

Елбасы осы көктемде отандық инвесторлармен кездесуінде капиталға рақымшылық жасау туралы мәлімдегені белгілі. Айта кетері, капиталды заңдастыру біріншіден, ұлттық экономиканың өсуіне септігін тигізсе, екіншіден көлеңкелі бизнестің көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанда алғаш рет капиталды амнистиялау шаралары 2001 жылы жүргізілген. Оның нәтижесінде 367,8 млрд. теңге заңдастырылған еді. Мамандардың айтуынша, капиталды заңдастыру туралы халық арасында түсіндіру жұмыстардың жүргізілуіне байланысты нәтижесін көрсететін болады. Оны шетелдерде өткен капиталды амнистиялау науқандарындағы тәжірибелерден анық көруге болады. Мысалы, 2001 жылы капиталға рақымшылық жасау Италияда өткен еді. Ол кезде алым көлемі 2,5 пайыз болған. Сондай-ақ мен Германия елінде капиталға рақымшылық жасау шарасы да өзінің оң нәтижелерін көрсеткен еді. Неміс кәсіпкерлері Швейцария банкінде жатқан табыстарын алып, өз елінің банктері мен кәсіпорындарына салды. Ал, керісінше Кипрде болған жайттан соң көптеген бизнесмендер тыққан талай миллиардтарын жоғалтты. Сондықтан еліміздегі бірқатар экономистердің айтуынша, табысты өз экономикамызға құйған әлдеқайда тиімді деп есептейді. Оның үстіне осы шара нәтижесінде республикамыздағы түрлі компаниялар мен корпорациялар тұрақты дамитын болады. Қосымша инвестиция, өңірлердің экономикалық дамуы, қосымша жұмыс орындарының ашылуы, міне осының барлығы капитал амнистиясының тиімді тұсы болып табылады. Бұл жерде зейнеткерлік, әлеуметтік, трансверттік, субсидиялық төлемдерінің артуы тағы бар. Қысқасы, айналып келгенде мұның барлығы жоғары деңгейде өмір сүру жағдайын қалыптастыруға ықпал етеді. Әлемдік тәжірибе қашанда өміршеңдігін дәлелдейді, талай шет елдеде өз азаматтарының мемлекет аумағынан тыс жатқан қаражатын тарту үшін барлық қолайлы жағдайлар жан-жақты жасалған, соның арқасында мемлекетінің инвестициялық ахуалын дұрыстап, экономикаларын индустриаландыруға қол жеткізіп жатыр. қазақстандықтарға бұл науқанның бұрынғыға қарағандағы негізгі айырмашылықтарын да атап өтті. Біріншіден, ақшаны екінші деңгейлі банктердегі есепшотта немесе «Қазпошта» АҚ-да 5-жылға дейін ұстап, әрі нарықтық сыйақыны да алуға болады. Екіншіден, ақшаны тезірек іске жаратқысы келсе, онда оны облигациялар, мемлекеттік құнды қағаздар, екінші деңгейлі банктердің, ұлттық холдингтер мен «Халықтық IPO» акцияларын сатып алу арқылы алым төлеместен ел экономикасына инвестициялауға болады. Үшіншіден, ақшасын жария етуге ниет танытқан азаматтарға жекешелендірудің екінші кезеңі аясында нысандар сатып ала алуларына мүмкіндік беріліп отыр»- деді. Науқанға қатысты ескерер бір жайт, ақшасын жария етуге шешім қабылдаған азаматтар инвестициялаудың жоғарыда аталған аталған тетіктерін пайдаланғысы келмесе, онда мүлкін жария еткені үшін 10% алым төлейді. Бүгінде көлеңкелі бизнес Қазақстан экономикасының төрттен бір бөлігін құрайды. Жалпы ішкі өнімнің 26,8 пайызы немесе 35 трлн теңге мөлшеріндегі қаржы, сол тығылып жатқан ақшалар. Қазақстанда капитал жариялау шарасы екі жылға дейін созылады. Сол себепті үкімет басындағылар кәсіпкерлерімізді мемлекетіміздегі ең тиімді деген жобаларға шақырып отыр. Кей сарапшылар, келешекте талай оффшорларда жасырылып жатқан миллиардтардың елімізге оралуына осы акция айтарлықтай ықпал етеді деп болжайды. Айтпақшы, Кегок компаниясының акцияларын «Халықтық IPO» арқылы сату алдағы желтоқсанға жоспарланып отыр. Сондықтан қомақты капиталдың жариялануын осы шара барысында да естіп қалуымыз әбден мүмкін….

 http://zhebe.com/