Sorry, this entry is only available in Russian and Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

06-10-14-IG-3АСТАНА. 13 ақпан. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобырының содырлары Ливияда 21 египеттікті өлтірді. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасаған ТАСС хабарлады.

Ислам қозғалысы «Дабик» басылымының бетінде жарияланған «Джунуд вилайет Тарабулус» («Триполи уәләятының солдаттары») деген мақалада терроршылар «21 копты тұтқынға алып, өлтіріп жібергендерін» баяндайды. Бұған дәлел ретінде олар газет бетіне тұтқындарымен бірге теңіз жағасында түскен суреттерін орналастырған. Бірақ жазалау шарасының қашан жасалғаны айтылмаған.

Мұрат Айтқожа.

http://egemen.kz/2015/02/13/49669

Рубрика: