АЛТЫНОРДА
Новости

Иракқа байланысты мұнай қымбаттады

Мұнайдың әлемдік бағасы Ирактағы соңғы күндердегі оқиғаларға байланысты соңғы 10 айдағы ең жоғарғы бағаға дейін қымбаттады. Нью-Йорк сауда биржасында мұнайдың бір баррелінің бағасы екі пайыздан астам қымбаттап, 107 АҚШ долларынан асты.

Соңғы күндері «Әл-Қаидамен» байланысы бар «Ирак және Левант ислам мемлекеті» ұйымының содырлары Ирактың Мосул, Тикрит және тағы бірнеше шағын қалаларын басып алған. Олар бақылауға алған аймақтарда шариғат заңдарын орнатып, Бағдадқа қарай бет алатындарын мәлімдеген.

Ирак мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы — ОПЕК-те Сауд Арабиясынан кейінгі екінші ірі мұнай өндіруші ел саналады.

12 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирактағы жағдайды талқылаған. Жиында Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин «ұйымның Ирактағы өкілі Николай Младенов қазір зорлық-зомбылықтың Бағдадқа қарай таралу қаупі жоғын айтты» деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Барак Обама 12 маусымда Иракқа өз елі тарапынан көп көмек қажет екенін мәлімдеген. Бірақ ол Иракқа нақты қандай көмек қажетін айтпады.

Халықаралық еңбек ұйымы қақтығыстар басталған соңғы күндері Мосул қаласы мен оның айналасынан 500 мыңға жуық адам кетіп қалғанын хабарлады.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140613/330/330.html?id=25420708