АЛТЫНОРДА
Новости

Ирак: Содырлар химиялық қару қоймаларын басып алды

Ирактың солтүстігі мен батысны басып алған "Ирак және Шам ислам мемлекеті" ұйымының мүшелері.Ирактың АҚШ-тағы елшісі Мохамед Әли Әлхаким «қарулы террористік топ» Мутанна провинциясындағы бұрынғы химиялық қару-жарақтар сақталған қоймалардың біразын басып алғанын хабарлады.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның атына жазған хатында Әли Әлхаким Ирак үкіметінің химиялық қару-жарақтар сақталған қоймаларды бақылауынан шығарып алып, онда сақталған улы заттарды жою туралы халықаралық міндеттемелерін орындай алмай отырғанын жеткізген.

Елшінің айтуынша, қарулы содырлар Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Мутанна провинциясындағы бұрынғы химиялық қару-жарақ бағдарламасы сақталған екі бункер орналасқан нысанды 11 маусымда басып алған. Ол 12 маусымда нысандағы бақылау камераларына бункерлерден құрал-жабдықтар мен техниканың бір бөлігі тоналғаны тіркелгенін айтқан. Кейін содырлар ол камераларды өшіріп тастаған.

«Ирак және шам ислам мемлекеті» ұйымының содырлары өткен айда Ирактың солтүстігі мен батысын басып алған. Маусымның соңында ұйым бұған дейін бақылауында болған Сирияның Алеппо провинциясы мен Иракта «ислам халифатын» жариялаған.

http://www.azattyq.org/content/news/25450447.html