АЛТЫНОРДА
Новости

Гаага соты Ресейге ЮКОС иелеріне өтемақы төлеуді міндеттеді

ЮКОС компаниясының бұрынғы басшысы әрі негізгі акционері Михаил Ходорковский.Гаагадағы халықаралық сот Ресейді ЮКОС мұнай компаниясының активтерін заңсыз иеленді және халықаралық Энергетикалық хартияны бұзды деп таныды. Ресейлік «Коммерсант» басылымының хабарлауынша, сот Ресейді компанияның бұрынғы акционерлеріне 50 миллиард АҚШ долларын төлеуге міндеттеген.

Ресей бұған қоса 65 миллион АҚШ доллары көлеміндегі сот шығындарын төлеуі тиіс. Бүгін Гаага соты ЮКОС ісі бойынша шешімін ресми түрде жарияламақ. Сот шешімі бойынша, Ресей өтемақыны 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін төлеуі тиіс.

Сот Ресей билігінің әрекетін «ЮКОС-ты банкротқа ұшырату үшін компания мен оның басшыларына басқыншылық жасау» деп тапқан. Бұған қоса сот компанияның өзі де «салық төлеуден жалтарды» деген айыппен келісетінін білдірген.

ЮКОС-тың негізгі акционері болған Group Menatep Limited компаниясы өзіне келтірілген шығынды 114 миллиард АҚШ долларына бағалаған.

Ресей билігі 2003 жылы ЮКОС-ты салық төлемеді деп айыптаған. Компания президенті әрі негізгі акционері болған Михаил Ходорковский «алаяқтық жасады» деген айыппен сотталып, 2013 жылдың желтоқсанында босатылған.

Ходорковский сотталған соң ЮКОС активтері «Роснефть» компаниясының иелігіне өткен. «Роснефть» өтемақы төлеуден бас тартқан соң компания акционерлері Гаага сотына шағымданған. ЮКОС ісі бойынша сот процесі он жылға жуық уақытқа созылды.

http://www.azattyq.org/content/news/25472354.html