Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Европалық сот Европа Одағы кеңесінің палестиналық ХАМАС тобын террористік ұйым тізіміне енгізу шешімін жоққа шығарды. Бұл туралы ақпарат Европалық соттың ресми сайтында 17 желтоқсанда жарияланды.

Сот “ХАМАС-ты тізімге қосқан сәтте БАҚ пен интернет ақпараттары негізге алынған, оның қызметі толық зерттелмеген” деген шешім шығарды. Сот қаулысында үкім процедуралық шешім негізінде шығарылғанын, ХАМАС-ты террористік ұйым ретінде сипаттауға еш баға бермейтінін ескерткен.

Бірақ Еуропа Одағы сот қаулысына байланысты нақты шешім шығармайынша ХАМАС-тың есепшоттары үш ай бойы құлыптаулы күйі қала бермек.

Европа Одағы палестиналық ХАМАС тобын 2001 жылы террористік ұйымдар тізіміне енгізген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141217/330/330.html

Рубрика: