Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Күнделікті қолданатын кеселерді жаңартып, ерекше түрінің иесі болуға қалай қарайсыздар?

Тығылған жануарлар

Канадалық дизайнер Анжелайн Тетрол ішінде жануарлар отырған кеселерді шығарыпты. Қонақтарыңызға осындай кесеге шай құйып, олар жануардың басын көре бастағандағы қызығушылығын байқаңыз.

 

Ал Джеральдин Де Беко дизайнері осыған кері ой тапты. Бұндай кеселерге шай, су, сүт құйғанда ішінде жануарлар пайда болады.

 

 

Тоңып қалмау үшін

Беата Фарон есімді дизайнер кеселер тоңып қалмау үшін оларды “киіндірді”. Бір жағынан бұл өте әмбебап шешім: ыстық сусын құйылған кеседен күйіп қалмайсыз. Сырт көзге де жағымды көрініп, ескі кеселердің өңін жаңарта алады.

Тәтті тіскебасарларға арналған қалташа

Неміс дизайнерлерінің жаңалығы – тәтті тіскебасарларға арналған қалташасы бар кесе. Өте ыңғайлы.

 

Шәй құрастырғышы

Тайвань заманауи дизайнерлері түрліше құрастыруға болатын жиынтықтарды шығаруда.

 

Смайл кеселер

Таңмен көбірек жақсы көңіл-күй қажет болса, осындай смайл кеселер жиынтығын сатып алыңыз. Кесенің пішініне байланысты табақшада тәттілер салатын жер болады.

Кір кесе

Кесені шәй ішкеннен кейін жуғанды жек көресіз бе? Ендеше сізге мынандай кесе ұнайды. Ондағы шәйдің кірі ерекше, өзіндік өрнекпен басылады. Британдық дизайнер Лорой Бетан Вуд кеселерді ерекше қабатпен қаптады, соның әсерінен кесе неғұрлым кір болған сайын, суреті жақсы басылады.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: kleo.rг

http://massaget.kz

Рубрика: