АЛТЫНОРДА
Новости

Ердоған қарсыластарының «қолын сындыруға» уәде берді

АСТАНА. 23 желтоқсан. BAQ.KZ — Түркия премьер-министрі Реджеп Эрдоған егер де үкіметке жалған жала жабуды тоқтатпаса, оппоненттердің «қолдарын сындырамын» деп уәде етті. Бұл туралы Hürriyet Daily News хабарлайды.
Ердоғанның мәлімдеуінше, шенеуніктер мен министрлер балаларын тұтқындалуына бастамашы болғандарды «шпиондар» мен «сатқындар» деп, полицияның жемқорлыққа қарсы осы әрекетін өзге елдердің әдейі ұйымдастырған ісі деді.
Өз тарапынан үкімет мұндай істі жауапсыз қалдырмады. Нәтижесінде құқық қорғау органдарынан 70-ке жуық жоғарғы лауазымды қызметкер орнынан босатылды.
Естеріңізге сала кетсек, Түркияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы операция 17-ші желтоқсаннан жалғасуда. Барлығы 80 шенеунік тұтқындалғанымен, оның 24-не ғана айып тағылды. Олардың ішінде Ішкі істер министрі мен Экономика министрінің ұлдары бар. Сонымен қоса, Halkbank мемлекеттік банкінің басшысы да қамауға алынған. Тергеу органдарының хабарлауынша, қолға түскен шенеуніктердің мемлекеттік тендерлерге байланысты астыртын әрекеттері мен алтынды шекарадан жасырын өткізгені және мемлекеттік қаражатты ысырауға қатысы бар болуы әбден мүмкін.

Айбек РАХИМОВ

 

http://baq.kz/kk/news/41366