АЛТЫНОРДА
Новости

Еңбек демалысын өткізуге арналған ел

photoИрландия өзінің ұзақ жылдық тарихында әлемдік өнер мен мәдениеттің дамуына үлес қосқан дәстүрі озық елдердің бірі. Бүгінгі жазбамызда осы мемлекетке қатысты көптеген қызықты мәліметтермен бөліскелі отырмыз.

Ирландия Еуропаның солтүстігінде орналасқан, оның батысында Атлант мұхиты, шығысында Ирландия теңізі жатыр. Мемлекеттің жалпы алып жатқан аумағы – 84 421 шаршы шақырым. Бұл аумақтың 83%-ы Ирландия Республикасына тиесілі болса, қалған бөлігі Солтүстік Ирландияның иелігінде. Ирландия Республикасын 26 графтықтан тұрады. Астанасы — Дублин. Солтүстік-Атлант ағысының әсерінен бұл жерде қатты ыстық та, қатты суық та болмайды. Жазда ауа температурасы 30 градусқа дейін ыситын болса, қыста аязды күндер тым аз болады.

Ираландияға еурпалық туристер «еңбек демалысын жақсы өткізуге арналған мекен» деген баға беріп отыр. Бай мәдениет пен тарихтың куәгері бола ала алатын Лимерик қаласындағы патша аралында орналасқан Джон Патшаның сарайы (King John’s Castle), Шеннон өзені, Тори аралы, Донегол графтығы, Әулие Патрик шіркеуі, Мартелло флоты мен Қара құз саябағы, қалалық Яхт Клуб пен Таун Холл ғимараты, ескі кемелер жинақталған Теңіз мұражайы, Наут қорғаны, ежелгі Корк, Донегол, Уотерфорд қаласы, Алыптар Көпірі, Коннемара аймағы және де Инишмор, Инишман, Инишир аталатын аралдар қонақтарын риза қалдырудан таймай келеді.

Ирландияға виртуалды саяхат жасап, көрікті жерлерін көргім келеді десеңіз, төмендегі видео тек сіз үшін:

 

Мемлекеттің негізгі тілі: ағылшын және ирланд тілі.

Ирландияда «иктар»(ochtar) сөзі отбасындағы кіші баланы атау үшін қолданылады. Бұл сөздің мағынасы — «төменгі бөлік».

Ирландиялықтар іш ауруынан айығу үшін тірі құрбақаны жұтып қояды.

Ирландияның астанасы Дублин – «Қара тоған» деген мағынаны білдіреді.

Ортағасырлық кландар (рулық қауым) шотландиялық қыздарды әйелдікке алатын болған. Себебі, олар қыздарының жасуларына жалдамалы сарбаздарды қосып береді екен.

Дублин сарайының ішінде Поддл атты өзен ағады.

Ирландиялық әйелдер американдық әйелдерден бұрын дауыс беру құқығын алды.

Ирландия әліпбиінде 18 ғана әріп бар. Оларда J, K, Q, V, W, X, Y және Z әріптері қолданылмайды.

Мемлекет 1849 жылдың 18 сәуірінде «ire» деген атауын «the Republic of Ireland» деп өзгертті.

Ирландиялықтарша «Мен сені сүйемін» сөзі – «Tа cion agam ort» деп айтылады.

Мектеп оқушылары Патрик мерекесіне жасыл түсті киім кимеген сыныптастарын соққыға жығады.

Ирландияда осыдан біршама уақыт бұрын үлкен қыздың бірінші болып тұрмысқа шығу дәстүрі қатты сақталынатын болған. Онан кейінгі қыздар да жасына қарай ұзатылатын.

Ирландияда жөтелден арылу үшін жаңғақтан алынған май мен бал пайдаланылады.

Ирландияда жыл бойы денсаулығың мықты болсын десең Жаңа жыл мерекесі қарсаңында алма жеу керексің деген ғұрып бар. Сонымен қатар, Жаңа жыл таңында шырақ жағып отырып таңғы ас ішсең – сәттілік әкеледі деген сенім кең тараған.

Ирландия ешқашан жер сілкінісінің эпицентрі болмаған.

Еуропалық Одақ бойынша иттерді көп өсіретін ел – Ирландия.

Дәл қазір Ирландияда жергілікті тұрғынға қарағанда туристердің саны көп. Халықтың саны — 3,8 млн. болса, жыл сайын келіп-кететін туристердің саны — 5 млн.

Шашыңызды кескен болсаңыз, оны далаға тастауға болмайды. Шашылған шаштарды құстар өз ұяларын соғу үшін қолданатын болса, жыл бойы басыңыз ауырып жүреді деген наным қалыптасқан. Және бұл ырымға ирландиялықтар қатты сенетін болып шықты.

Поло ойынының Отаны (суда, ат үстінде доп ойнау) – Ирландия. Бұл ойын ең алғаш рет 1868 жылы Лимерик графтығында ойналды.

Зигмунд Фрейд «психоанализге түсіруге болмайтын жалғыз халық – ирландиялықтар» деп айтып кеткен екен.

Ирландияда ең көп таралған фамилия – Мёрфи. Бұл сөз «теңіз иті» деген мағынаны білдіреді.

Ирландияда сәуір айының алғашқы үш күні «қарызға алынған күн»саналады және бұл күні міндетті түрде нашар ауа-райы орын алатын көрінеді.

Ирландияда әр жылдың 29 ақпанында әйелдер ер адамға ұсыныс жасайды. Бұл дәстүр сонау ХІ ғасырдан бастау алады. Осы жағдайда ер азамат бас тартатын болсай айыппұл төлейді.

 

Суреттер: www.infokart.ru, photo.sankei.jp.msn.com, www.liveinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаев

Massaget.kz