АЛТЫНОРДА
Новости

Эквадорда үш күндік аза тұту жарияланды

АСТАНА. 6 наурыз. Baq.kz — Эквадор көшбасшысы Рафаэль Корреа  Венесуэла президенті  Уго Чавестің дүниеден озуына байланысты елде үш күндік аза тұту күндерін жариялады. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеп отыр.

Ол Венесуэла көсемінің  ел басқарудағы саясаты латынамерикалық құрылықты әрдайым жаңа револцияларға  жетелейтінін айтты.
«Уго әрдайым ел бостандығы, азаттығы, сондай-ақ әділдік жолында жасалатын төңкерістерге үндейтін»,-деді  Эквадор  президенті.
Ел басшысы Чавесті «әділдік билеген уақытта бақилық болған соң, оны өлді деуге болмас» дей келе, барлық венесуэлдықтарға көңіл білдірді.
Чавес сейсенбі күні Венесуэла уақыты бойынша 16.25 те дүниеден озды. Екі жыл бойы Чавес қатерлі ісік ауруымен күрескен болатын. Жақында Гаванада ота жасатқан соң еліне оралып, Каракастағы әскери госпитальға жатқызылған еді.
http://baq.kz/news/24340