Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Египет президенті Әбдел Фаттах әл-Сиси Ливияда “Ислам мемлекеті” экстремистік тобы содырларының египеттік христиандарды өлтіруіне Египеттің “тиісті жолмен” жауап беруге құқығы бар деп мәлімдеді.

Ақпанның 15-інде “Ислам мемлекеті” тобы египеттік 21 христианның басын алғаны жайлы видеосын жариялаған.

Ливияға жұмыс істеуге кеткен египеттік христиан жұмысшылары желтоқсан мен қаңтар айында болған екі рейд барысында тұтқындалған.

Египетте сүнниттік исламның теориялық орталығы саналатын әл-Азхар мешіті содырлардың кісі өлтіруін “тағылық әрекет” деп атап, ол қылмыстың “ешқандай дінге я адами құндылықтарға қатысы жоқ” деген.

АҚШ президенті әкімшілігінің баспасөз хатшысы Джош Эрнест христиандардың өлтірілуін “қорқаулардың жексұрындық әрекеті” деп атап, “Ислам мемлекеті” содырларының “тағылық әрекетінің шегі жоқ” деп мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150216/330/330.html?id=26851531

Рубрика: