АЛТЫНОРДА
Новости

Дубайдың ауа-райы қолмен реттелетін болады

Астана. 3 қаңтар. Baq.kz – Дубай жағалауындағы The World архипелагының аралдарындағы ауа-райы қолмен реттелетін болады. Тіпті шіліңгір шілденің өзінде жағалауда қар жауатындай жағдай жасаймыз дейді жоба авторлары.

The World аралдар шоғыры қолдан жасалған әлемдегі ең ірі архипелаг. Ол 300 шағын аралдан тұрады және оның жалпы жер аумағы 55 шаршы шақырымды құрайды. Архипелагтың пішіні материкатерге ұқсатып істелінген.
Архипелагта зәулім үйлер мен қонақүйлер салынады деп жоспарлануда. Мұндағы аралдарды голливуд жұлдыздары мен танымал тұлғалар сатып алып жатыр. Олардың қатарында Брэд Питт пен Анджелина Джоли, Михаэль Шумахер және британдық миллиардер Ричард Брэнсон бар.
Khaleej Times газетінің хабарлауынша, архипелаг құрылысын жүргізген компания алты аралға ортақ «Еуропа жүрегі» атты жоба енгізген. Оның аясында аралдардағы ауа-райы қолмен реттелетін болады. Компания өкілдерінің айтуынша, мұнда қалаған уақытта қар пайда болып, жаңбыр да жауатын болады. Дегенмен, мұндай кереметті қандай жолмен жасайтынын компания басшылығы хабарлаған жоқ.
«Еуропа жүрегіне» Германия, Австрия, Швейцария, Нидерланды, Швеция және Санкт-Петербург аралдары кіреді. Олардың барлығында виллалар, қонақ үйлер, үлкен дүкендер мен сауда орталықтары салынатын болады. Құрылыс жұмыстары 2016 жылға дейін жалғаспақ.

http://baq.kz/kk/news/42990