АЛТЫНОРДА
Новости

Донецкіде кеніште жарылыс болды

Донецкіде бүгін таңға жуық Засядько кенішінде жарылыс болды. Апат құрбандарының санына қатысты қайшы мәліметтер түсіп жатыр.

Reuters агенттігінің сепаратистерге сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыстан 30-дан астам мерт болған. Ал өзін-өзі жариялап алған «Донецк халық республикасының» билігі бір адам қаза тауып, 14 адам жараланғанын, тағы 73 адамның жер астында қалып қойғанын айтады.

Украина кеншілері тәуелсіз кәсіподағының басшысы Михаил Волынец жарылыс кезінде кеніште шамамен 207 адам болған деп мәлімдеді. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, бес кенші сыртқа шығарылған. 47 кеншінің жағдайы белгісіз.

Жергілікті құтқару қызметінің өкілі Юлиана Бедилоның РИА Новости агенттігіне хабарлауынша, кеніште газ-ауа қоспасы жарылған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26881329