Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 30 сәуір. Baq.kz – Facebook әлеуметтік желісін ойлап тапқан әйгілі Марк Цукерберг 2013 жылдан бастап өзінің жылдық жалақысын 1 долларға дейін төмендетуді сұрады деп хабарлайды Business Insider. Оның бұл өтініші қанағаттандырылып отыр.

Айта кетейік, 2012 жылы Цукерберг Facebook компаниясынан жылдық жалақы және өтемақы ретінде 1,9 миллион доллар алған болатын. Ал, былтыр компания алғаш рет биржаға шыққан кезінде Цукерберг 60 миллион акцияны 2,27 миллиард долларға жүзеге асырды.
Марк осылайша Apple-дің негізін қалаған Стив Джобс пен Google авторлары Ларри Пейдж және Сергей Бриндердің өз замандарында жасаған қадамдарын қайталап отыр. Сонымен қатар, жылына 1 доллар жалақы алған атақтылардың қатарында Ларри Элисон (Oracle), Элон Маск (Tesla), Марк Пингус (Zynga) және Мэг Уитман (HP) бар.
Жалпы, Цукербергтің бүгінгі жағдайы жаман емес. Forbes журналы оның байлығын 13,3 миллиард долларға бағалап отыр. Ол сондай-ақ, әлемдегі ең беделді адамдардың тізімінде 25-ші орында тұр.

 

http://www.baq.kz/kk/news/27352

Рубрика: