Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

imagesЧилиде ең қауіпті болып есептелетін Кальбуко жанартауы 40 жылдан кейін қайта оянды, – деп хабарлайды “Диапазон”.

Басылымның мәліметінше, ел билігі жанартау көзінен 20 шақырымда тұратын мың жарымға жуық адамды эвакуациялады. Жанартау күлі бірнеше мыңдаған метр биіктікке дейін көтерілген. Ауаның ластануынан жергілікті әуе компаниялары жақын маңдағы әуежайлардағы рейстерді тоқтатты.

Айта кетейік, биіктігі 2003 метрлік Кальбуко Чилидегі ең қауіпті үш жанартаудың біріне жатады. Ол соңғы рет 1972 жылы атқылаған.

http://kaz.tengrinews.kz/

Рубрика: