АЛТЫНОРДА
Новости

Чехия мен Словакия: «Мақпал төңкерісіне» — 25 жыл

Бүгін Чехия мен Словакияда бұрынғы Чехословакиядағы коммунистік режимді құлатқан «Мақпал төңкерісінің» 25 жылдығын атап өтеді.

Прага мен Братиславада және екі елдің басқа да қалаларында еске алу шаралары өтпекші. Жұртшылық 1989 жылы қараша айында бейбіт шерулер өткен жерлерге гүлдер мен шырақтар қояды.

Мерекелік іс-шаралар аясында Чехия премьер-министрі Богуслав Соботка Вашингтондағы Конгресс ғимаратында «Мақпал төңкерісі» жетекшілерінің бірі, коммунистік жүйе құлағаннан кейін Чехословакия мен Чехияның демократиялық жолмен сайланған тұңғыш президенті болған Вацлав Гавельге қойылған ескерткіштің ашылуына қатысады.

Чехияның мемлекет және қоғам қайраткері Вацлав Гавель 2011 жылы қайтыс болған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26695252