АЛТЫНОРДА
Новости

Бүгін Литвада президент сайлауы өтеді

Астана. 11 мамыр. Baq.kz – Бүгін Литва азаматтары ел президенті сайлауына дауыс береді деп хабарлайды Азаттық.

Бұл жолы президенттікке барлығы жеті адам үміткер болып отыр. Олардың арасында қазіргі президент Даля Грибаускайте, Вильнюс мэрі Артурас Зуокас, парламент депутаты Артурас Паулаускас, Еуропарламент мүшесі, социал-демократ Зигмантас Бальчитис бар.

Қоғамдық сауалнама нәтижесі қазіргі президент Даля Грибаускайте екінші мерзімге президент болып қайта сайлануы мүмкін екенін көрсетеді.

Грибаускайтенің рейтингі оның Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанын айыптап, Литвада НАТО күштерінің болуын қолдағаннан кейін көтерілген.

Егер 11 мамыр күні дауыс беру нәтижесінде үміткерлердің ешқайсысы сайлаушылардың 50 пайызынан астамының қолдауына ие болмаса, онда ең көп дауыс жинаған екі кандидат 25 мамыр күні дауыс берудің екінші кезеңінде сынға түседі.

 

http://baq.kz/kk/news/46934