Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 18 ақпан. Baq.kz – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Түркияда Молдовамен кездеседі. Бұл матчты «Хабар» арнасы көрсетеді.

Ойын Анталия қаласындағы «Мардан» стадионында Астана уақыты бойынша 22:00-де басталады. Аталған кездесуге жарақаттарына байланысты өкінішке қарай Александр Мокин, Таңат Нөсербаев, Станислав Лунин және Виктор Дмитренко қатыса алмайды.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны 11 ақпанда басталған болатын.

Бұл кездесуге қатысатын футболшылар:

қақпашылар – Александр Петухов («Тобыл»), Ненад Эрич («Астана»), Александр Петухов («Тобыл»), Андрей Сидельников («Ордабасы»).

қорғаушылар – Абзал Бейсебеков («Астана»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Дмитрий Шомко («Астана»), Пиралы Алиев («Ертіс»), Илья Воротников («Тараз»), Марк Гурман («Қайрат»), Ренат Абдулин («Ордабасы»), Сергей Малый («Ордабасы»);

жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Самат Смақов («Ертіс»), Аслан Дарабаев («Қайрат»), Бауыржан Байтана («Қайрат»), Ұлан Қонысбаев («Астана»), Жақып Қожамберді («Тараз»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Марат Шахметов («Ертіс»), Анатолий Богданов («Тобыл»);

шабуылшылар – Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Астана»).
http://baq.kz/kk/news/60980

Рубрика: