АЛТЫНОРДА
Новости

Брюссельде ЕО-ның екі күндік саммиті басталады

Бүгін Брюссельде Еуропа Одағына (ЕО) мүше 28 ел басшыларының екі күндік саммиті басталады. Болжам бойынша, мемлекет басшылары Еуропа елдеріндегі экономикалық өсімді арттыру және Украинадағы жағдайды талқылайды.

ЕО жетекшілері Ресейдегі экономикалық ахуал нашарлаған жағдайдағы экономикалық қауіп-қатерлер туралы пікір алмаспақ.

Бұған дейін Reuters агентттігі өзіне түскен құжатқа сілтеме жасап, ЕО Қырымға мұнай мен газ өндіруге арналған технологияларды сатуға, еуропалық туристік фирмалардың Қырымда бизнес жүргізуіне тыйым салатын қосымша санкциялар енгізуді қарастыруы мүмкін деп хабарлаған.

Ресей Қырым түбегін биыл наурыз айында Украинадан аннексиялап алған. ЕО аннексияны мойындаудан бас тартып, Қырымнан тауар тасымалдауға және транспорт, телекоммуникация энергетикалық сектордағы инфрақұрылымдық жобаларға, мұнай-газ кәсіпорындарына инвестиция құюға тыйым салған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26750065