Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 10 ақпан. BAQ.KZ – Бразилияда жүздеген мың адам ең көңілді әрі ең әсем мерекелік карнавалға шықты.
Оңтүстiк америкалық мемлекеттiң нышаны саналатын шеру Рио-де-Жанейродан бастау алып, елдiң өзге де қалаларында жалғасын табады. Бұл шараға тек Рио-Гранд-ду-Сул қаласы қатыспайтын болды. Себебi оның халқы KISS түңгi клубының өртi кезiнде қаза табуына орай қара жамылып отыр.

 

Бұның карсаңында Рио-де-Жанейро мэрi Эдуардо Паес қаланың кiлтiн төрткүндiк карнавалдың басқарушысы – Момо корольге үлкен құрметпен табыс еткен болатын. “Монарх” алғашқы жарлығын да шығарып үлгердi – “барлығы көңiл көтерсiн”.

Риодағы шеруге қаланың озық самба би мектебінің өкілдері қатысуда. Associated Press хабарлауынша, шараны тамашалауға жарты миллион турист келмек. Сауықшыл бразилиялықтар бұл мерекені айрықша жақсы көреді. Себебі, бір аптаға созылатын мереке кезінде ешкім жұмыс істемейді. Атақты самба би мектебінің мүшелері карнавал аясында ән шырқап, би билеп, өзара сайысқа түседі. Ал, жылдың ең үздік мектебін арнайы қазылар алқасы анықтайды.

 

http://baq.kz/news/23084

Рубрика: