АЛТЫНОРДА
Новости

Болат Жамишев Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды

болатКеше Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды. 

Министрдің өңірдегі бірінші барған жері «Береке» жаңа шағын ауданы болды, онда «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша жас отбасылар мен әлеуметтік-қорғау санатына жататын азаматтарға арналған көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Аталған бағдарламаның шеңберінде шағын ауданда жалпы ауданы 81 мың шаршы метр болатын 1121 пәтерлі 22 тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда.  11 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Мұнда Болат Жәмішев Назарбаев Зияткерлік мектебінің құрылысы барысымен танысты, онда қазіргі уақытта ғимаратты тұрғызу және қабырғаларын қалау бойынша біртұтас жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Одан кейін Болат Жәмішев «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС-на барды. Онда полиэтилинді құбырлар, металл құрылымдары және басқа да құрылыс материалдары өңделіп шығарылады. Өнімді өткізу нарығы – Ресей және Қазақстан шекаралас облыстары.

Министр Петропавловск қаласындағы жылу желілерін дамыту мәселелерін жеке назарына алып, ЖЭО-2 «СевКазЭнерго» АҚ-ның жұмысымен танысты. Онда ЖЭО-2 жабдықтарына жүргізілетін жыл сайынғы жаңартудың нәтижесі 2008 жылмен салыстарғында агрегаттық қазандықтарының тозуы 10%-ға, турбоагрегаттар бойынша 17%-ға төмендеген.

Жұмыс сапарының екінші күні Министр жерді тиімді пайдалану және жер қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер жөнінде облыс әкімдерінің орынбасарларымен, Петропавловск қаласындағы жер қатынастары басқармасының  жетекшілерімен селекторлық кеңес өткізді.

Селекторлық кеңесте Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Рашит Әкімов баяндамаларын жасады.

Қатысушылар жер ресурстарын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды одан әрі жақсарту,  ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы жерлердге тиімді түгендеу жүргізу мәселелерін, сонымен қатар, жер заңнамасы саласындағы негізгі заңнамалық  бастамалады талқылады.

Қайырбек Өскенбаев қатысушыларға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына әзірленген түзетулер туралы айтып берді. Оның айтуынша көптеген өзгерістер Қазақстан Республикасының Жер кодексіне енгізіледі. Оларға мынадай түзетулер жатады: міндетін адал орындамайтын жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пайдаланушылар тізілімін құру және енгізу,  әкімдікпен жер учаскесін жалға беру шартын талаптары орындалмаған жайдайда бір тараптық бұзу нормасын енгізу,  пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып, пайдаланылып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюдың жеңілдетілген тәртібін енгізу, шаруа және фермерлік қожалықтарын, ауылшаруашылық тауар өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін ұсынуды кезең-кезеңмен енгізу, Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану қағидаларының талаптарын орындамау кезінде және мемлекеттік жер кадастарын енгізуді жетілдіруге сонымен қатар, оны егізуге технологиялық сәйкес  бағытталған жұмыс түрінің тізілімін кеңейту.

Болат Жәмішев кеңесті қорытындылай келе, жүргізіліп жатқан жұмыс жер қатынастарын тиімді реттеуге арналғанын және бүгінгі кездесу барысында қарастырылған барлық ұсыныстар мен ұсынымдар жер заңнамасын жетілдіруде ескерілетін болады деп атап көрсетті.

 

 

ҚР Өңірлік даму мирнистрлігінің Баспасөз қызметі, 74-27-45.