Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)Бүгiн Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде орналасқан сынақ пункттерiнiң бiрiне келген ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев биыл ҰБТ соңғы рет өткiзiлiп жатыр деген деректі жоққа шығарды.

“Биыл ҰБТ соңғы рет өткiзiлiп жатыр деген дерек дұрыс емес. Бiздiң жоспарымыз бойынша, келесi жылы да сынақ осы форматта өтпек. Бiрақ мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiн дамытудың 2020 жылға арналған бағдарламасында 2015 жылдан кейiн мектеп бiтiрген оқушылардың емтихандарына өзгерiс енгiзу көзделген. Оны қазiр арнайы комиссия талқылап жатыр. Содан кейiн, 2016 жылдан соң ҰБТ-ға өзгеріс енетiн болса, айтатын боламыз”, – деп атап өттi ол.

Айта кетейiк, бүгiн, 2 маусымда Қазақстанда мектеп түлектерi ұлттық бiрыңғай тестiлеу тапсыруды бастады. Тахир Балықбаев ұлттық сынақ тапсырмаларын ресми түрде ашты және түлектерге сәттiлiк тiледi

Автор: Қалдар Көмекбаев

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

http://alashainasy.kz/ubt/51315/

Рубрика: