Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

belger 2АСТАНА. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі жазушы Герольд Бельгердің қайтыс болуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы көңіл айта отырыпжазушының дүние салғаны туралы хабарды күйзеле қабылдағанын, бүкіл Қазақстан мәдениетінің ауыр қазаға душар болғанын атап өтті.

«Герольд Карловичтің Қазақстанға деген шексіз сүйіспеншілікпен өрілген өмірі шынайы патриотизмнің үлгісі болып саналады. Оның шығармашылық мұрасы біздің мәдениетіміздің баға жетпес игілігіне, ал өмір жолындағы рухани ар-намыс қағидаттары әр кезеңнің ұрпақтарына жігер беретін бағыт-бағдарға айналды», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Жеделхатта сондай-ақ Г.Бельгердің шығармашылығымен ғана емес, керемет адамгершілік қасиетімен, ізгілігімен және өмірлік ісіне деген ыждаһаттылығымен есте қалғанына назар аударылған.  Ол елдің қоғамдық тіршілігіне белсене араласты, оның ісі мен ой-тұжырымдары әрдайым татулықты, мейірім мен рухани құндылықтарды орнықтыруға бағытталды.

«Герольд Карловичтің еңбегі жоғары мемлекеттік марапаттармен атап өтілді, Президенттің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының лауреаты болды.  Оның жарқын бейнесі қазақстандықтардың жадында мәңгі сақталатын болады», – делінген жеделхатта.

 http://www.qazaquni.kz/?p=33260

Рубрика: