АЛТЫНОРДА
Новости

Бейонсе мен Jay-Z – әлемнің ең бай жұбы

0cac6249cecd2696605f268fff66e794Forbes журналы әлемнің ең танымал жұптары арасындағы байлардың рейтингін жария етті. 95 млн доллар дәулеті бар әнші, актриса Бейонсе мен оның күйеуі – рэпер Jay-Z көш басына шықты.

Utro.ru-дың хабарлауынша, бай жұптар тізімінің екінші ор­нын бразилиялық супер­мо­дель әрі актриса Жизель Бюнд­хен мен оның күйеуі америкалық квотер­бек Том Брэди иеленіп отыр. Бұлардың байлығы – 80 млн доллар. Брэд Питт пен Анд­желина Джоли 50 млн дол­ларлық табысымен үшінші орын­ды қанағат тұтты. Ең бай танымал жұптар рейтингінің алғашқы бестігіне америкалық актер Эштон Кутчер мен оның қазіргі азаматтық келіншегі Мила Кунис ($35 млн) және рэпер Канье Уэст пен актриса, фотомодель Ким Кардашян ($30 млн) да енді.

 

http://alashainasy.kz/world/45975/