АЛТЫНОРДА
Новости

«Барахолкадағы» өрт сөндірілді

Алматыдағы «Барахолка» деп аталатын бірнеше базар орналасқан аумақтағы «Алатау» базарынан шыққан өрт сөндірілді деп хабарлайды Азаттық тілшісі оқиға орнынан.

Прокуратура өкілі Нариман Бекназаров базарда өрт шыққаны туралы суыт хабар бүгін таңғы сағат 8 шамасында түскенін, өрт 200 шаршы метрге жуық аумақты шарпып, бір контейнер мен 1 дүкен өртенгенін айтқан.

Қазір базардың өрт болған қатарына полиция ешкімді кіргізбей тұр. Ол жерде өрт себебін анықтау үшін прокуратура өкілдері жүр. Өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз. Өрттен адамдар зардап шеккені жөнінде ақпарат түскен жоқ.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26565869