Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 9 наурыз. Baq.kz – «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» екінші бағытын жүзеге асыру аясында ауылдық елді мекендердің 8 мыңнан астам тұрғындары өз ісін дамытуға шағын несие алды.

Шағын несиені 8 мыңнан астам адам алса, 11 мыңнан астам адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,ortcom.kz.

Жалпы, бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері оған 200 мыңның үстіндегі адам қатысқан. Қатысушылардың жалпы санының 30% өз бетімен күн көрушілер, 69 % – жұмыссыздар.

Бірінші бағыт бойынша 59 мың адам оқытылып, 38,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Еңбек министрлігінің ақпарына қарағанда, 2012 жылы 28 мың адам оқытылған, мобилді еңбек ресурстарын арттыру мақсатында бүгінгі күнге дейін 764 үй салынып, 8 мың адам көшіріліп- қондырылды, олардың ішінде еңбек етуге жарамдысы – 3 789 адам, қоныстанушылардың 60% астамы жұмысқа орналастырылды.

Төртінші жаңа «Инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша әлеуметтік инфрақұрылымның 563 нысаны қайта жөндеуден өткізіліп, соның есебінен 7 мыңнана астам адам жұмыспен қамтылды.

http://baq.kz/news/24468

Рубрика: