Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

eeАустралияның Квинсленд штатында орналасқан Мулулаба демалыс аймағында табиғаттың тосыннан келетін керемет құбылысы орын алды.

Түн ішінде демалыс аймағы түгелге дерлік теңіз көбігіне бөленіп шыға келген. Тіпті, кейбір көшелердегі көбік биіктігі екі қабатты үймен салыстыруға келеді.

Ал бұған қала халқы, оның ішінде бала біткен ұлардай шуласып, мәз болысып жүр. Үлкендер жағы суретке түсіп, бар қызықты тауыса алмай, теңіз жағасында көңіл көтеруде.

Жергілікті дәрігерлер теңіз көбігінің адамға еш қауіп-қатері жоқтығын айтады.

сурет:doseng.org 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

 

http://massaget.kz/alemtanu/zhahan/7905

Рубрика: