Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 13 мамыр. Baq.kz – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы, күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов 

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ең күрделі саласының бірі – Әуе қорғанысы күштері. Бұл әскери саланың негізгі атқаратын міндеті – еліміздің әуе кеңістігін күзету, мемлекеттік, әкімшілік және әскери нысандарды қорғау болып табылады. Сонымен қатар Әуе қорғаныс күштеріне басқа әскер түрлеріне авиациялық көмек көрсету, арнайы және антитеррористік операцияларға қатысу сияқты жауынгерлік тапсырмаларды орындау жүктелген. Әуе қорғанысы күштері заманауи авиациялық, зениттік зымырандық және радиотехникалық құралдармен жабдықталған. Отан қорғаушылардың 22-жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы, күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовпен әңгімелескен едік.

– Нұрлан Секенұлы, әскери авиация Қарулы күштердегі маңызды әскер са­ласының бірі болғандықтан еліміздің Қарулы күштерінің Жоғары Бас қол­басшысы оған қатты назар аударады. Ал­дағы уақытта бұл сала қандай бағытта дамиды деп ойлайсыз?

– Бүгінгі күні Қарулы күштердің ішіндегі ең жылдам және техникалық жабдықталған әскер түрлерінің бірі бол­ғандықтан Әуе қорғанысы күште­рі үнемі жауынгерлік ұшу жаттығуларын жасайды, Әуе қорғанысына қарсы (ӘҚҚ) зениттік ракеталар әскерлері­нің атыс жаттығуларына қатысады, жауынгерлік кезекшіліктерді атқара­ды. Әуе қорғанысы күштерінің құрамын­да аспандағы кез келген жылдамдықтағы және әртүрлі биіктік диапазонында­ғы әуе нысанасын жоятын жаңа кезеңнің ұшақтары – жойғыш-тосқауылшы МиГ-31, алдыңғы шепте ұрыс салатын жойғыш МиГ-29, көп мақсаттағы жойғыш Су-27, сондай-ақ жауынгерлік Ми-24 ұрыс ұшағы, Ми-8, Ми-17В-5 және Ми-26 әскери-көліктік тікұшақтары бар. Ал Әуе қорғанысына қарсы күштердің әскер­лері әуедегі кез келген ұшу құралын, ұшақты, қанатты зымыранды жойып жіберетін С-300, С-200, С-125МК, С-75 сияқты әртүрлі модификациядағы зениттік зымырандық кешендермен қаруланған. Радиотехникалық әскер­лер аспандағы нысаналарды тауып, олар­­ды бақылап отыру бойынша тапсырма­лар­ды орындайды. Байланыс бөлімдері сымдық, радиореле, спутник және тро­посфералық байланыс арқылы әскерлерді басқаруды қамтамасыз етеді.

 

 Қазіргі заманда Әуе қорғанысы күш­терінің атқаратын рөлі қаншалықты маңызды?

– Әуе қорғанысы күштерінің ма­ңызы, әрине, бүгінгі таңда өте зор. Жер­гілікті соғыстардың тәжірибесіне қа­расақ, елдің Қарулы күштерін құрту үшін қарсыластары ең алдымен оның авиациясы мен ӘҚҚ жояды. Бұған жібермес үшін әскердің бұл түрлерін техникамен жабдықтап, толық жауын­герлік дайындықта ұстау керек. Авиа­ция – бұл бейбітшілік кездерінде де жауынгерлік кезекшілікте тұратын әскердің ең күрделі саласы. Оның мүм­кіндіктері де өте көп, сондықтан Қа­зақстанда өткізілетін бірде-бір әскери жаттығулар авиациясыз өтпейді. Отан­дастарымыз, шетелдік қонақтар қа­зақстандық ұшқыштардың шеберлігін Астанадағы әскери парадта өз көздері­мен көрді, сондай-ақ жақында бола­тын «KADEX-2014» көрмесінде тамашалуға болады.

 

– Ұшқыштар шеберліктерін шың­дап, тәжірибе жинақтауы үшін халықара­лық жаттығуларға да қатысып тұратын шығар?

– Біз іс жүзінде Қазақстан Қару­лы күштерінің барлық әскери жатты­ғуларына, сондай-ақ ТМД көлемінде, Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы­ның да НАТО жаттығуларына да қаты­са­мыз. Бірақ ең салмақтысы ретінде 2013 жылы 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ қатысқан, зениттік зымырандық әс­керлердің күштерін көрсетуге мүмкін­дік болған Жауынгерлік парадты айтар едім. Өткен жылы «Сарышаған» по­лигонында ТМД Ұжымдық қауіпсіз­дік шартты ұйымына қатысушы мем­лекеттердің бірлескен ӘҚҚ жүйесінің атыс құралдарын қолдануымен «Жауын­герлік ынтымақтастық-2013» атты тактикалық жаттығуы өтті. Мұнда ӘҚҚ әскерлерінің жауынгерлік бірліктері мен Әуе қорғанысы күштерінің авиа­циясы өз шеберліктерін, ұрысқа дайын­дығын көрсетті. Барлық нысана жойылып, атыс «өте жақсы» деген бағаға ие болды.

 

 Биылғы жылы тағы екі испандық С-295 ұшақтары келетін болды деп естідік…

– Иә. Қазіргі кезде су жаңа әскери-көліктік ұшақтарды сатып алып жа­тырмыз. 2013 жылдың басында қазақ­стандық авиациялық парк «Airbus Military» компаниясының С-295 әс­кери-көліктік екі жаңа ұшақпен толық­тырылды. Биыл осындай тағы екі ұшақ алмақшымыз. Солар келгеннен кейін әскерді, қару-жарақты, әскери техника­ны республиканың кез келген бұры­шына жеткізу міндеттерін атқаратын әскери-көліктік ұшақтардың жаңа то­бын құрмақшымыз. Армия техника­сын жаңарту бойынша да осындай жұмыс­тар атқарылып жатыр, қазіргі кезде Ми-17 тікұшақтары Алматы зауытында жаңартылуда. Олар ең жаңа, заманауи қарулармен жабдықталып, көліктік тікұшақтан көліктік-жауынгерлік ұшу құралына айналмақ. Бізде ЕС-145 «Еврокоптер» жаңа тікұшақтары бар. Бұл отандық техниканы біз қару ретінде қабылдап алдық.

 

 Қазақстандықтар, әсіресе, жастар пилотаждық топ шеберлерінің еркін самғап, әуеде салатын өрнектеріне қызы­ға қарайды. Әскери ұшқыш болу қиын ба?

– Өткен оқу жылында ұшу, инженер­лік-техникалық құрам және байланыс бойынша бірқатар авиациялық маман­дар дайындадық. Ал ұшқыштар құра­мын дайындау ұзақ уақытты талап ететін өте күрделі процесс. Көп нәрсе ұшқыш­тың бейімділігіне, мүмкіндігіне, өзіндік тәжірибесіне байланысты. Қысқасы, әрбіреуіне жекелеп қарау керек. Әске­ри институтты кеше бітіріп келген ұшқыш оқу-жаттығуы кезінде тексеріледі. Оның дайындық деңгейін және мүмкіндігін нұсқаушылар ұшу және навигация техникалары бойынша жаттығулар жасағанда байқап, баға береді. Осы жақтарды жас ұшқыш меңгергеннен кейін ғана түнде ұшу, топтасып ұшу, ауа райының күрделі кезінде ұшу сияқты жауынгерлік бағдарламаларды орын­дауға рұқсат беріледі. Әрине, әрбір жас ұшқышқа нұсқау беретін, дайындайтын тәжірибелі офицер бекітіледі. Институт­та оқитын курсанттар бейімділігіне қа­рай Ан-26 немесе Л-39 жауынгерлік-оқу ұшағын, Ми-8 тікұшағы сияқты әскери авиациясына дайындалады. Әскери ұшқыш – бұл нағыз ер адамдардың ма­мандығы. Бүгінде еліміздің және Қару­лы күштер басшыларының қолдауы­ның арқасында армияда әскери дайындық пен жеке құрамды оқытуға барлық жағдайлар жасалған. Біздің ұшқыштар әуеге жиі көтеріледі, алдағы уақытта қыз­меттік өсуге, отбасын тиісті деңгей­де асырауға мүмкіндіктері мол. Мен әскери ұшқыш ретінде Ақтөбе әскери институтының ұшқыштар және инже­нерлік факультетіне жыл сайын оқуға түсуге келетіндердің саны көбейгеніне қуанамын. Демек, халық алдында қа­зақстандық армияның, Әскери-әуе күштерінің абыройы артуда.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан Қайыржан ТӨРЕЖАН

http://baq.kz/kk/news/47046

Рубрика: