АЛТЫНОРДА
Новости

Астанада мектеп және коллеждерде сабақ тоқтады

Ауа райының суытуына байланысты қаңтардың 24-і күні Астана қаласындағы мектептерде бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды. Бұл туралы ақпарат Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада ауа температурасы 34 градусқа дейін суытады. «Қазгидромет» мекемесі сенбі күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында аяз күшейіп, боран соғып, көктайғақ болады деп ескертеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстанда боран соғып, көктайғақ болуы және тұман түсуі ықтимал. Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Қарағанды облысында боран соғады. Шығыс Қазақстан облысында боран болып, күшті жел соғады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150124/330/330.html?id=26810689