АЛТЫНОРДА
Новости

Астанада қалың тұман бірнеше әуе рейсін бөгеді

Астанада бүгін таңертең қалың тұман салдарынан әуежайда бірнеше рейс бөгелді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Әуежайдың анықтама қызметінің ақпараты бойынша, қалың тұманнан Шымкент, Қостанай, Алматы, Талдықорған және Атырау бағыттарындағы рейстер бөгелген.

Астанада қалың тұман қарашаның 2-сі күні түсіп, қайта сейіле бастаған еді. Синоптиктер ол тұманды жылы ауа массасының салқын ауа ағымдарымен қабаттаса келуінен пайда болды деп түсіндірген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26674946