АЛТЫНОРДА
Новости

Ардагердің тойы

гирш2014 жылғы 14 ақпанда сағат 17.00-де, Алматы қаласында Достық үйінде («дөңгелек зал», 2-ші қабат) Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚХА мүшесі, танымал жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Юзефович Гирштің 90 жасқа толуына арналған салтанатты шара өткізеді.

Л.Ю. Гирш, отставкадағы полковник, екінші дәрежелі «Достық» орденінің, 5 әскери орденнің және 35 медальдің иегері, «Нұр Отан» партиясы бюросының мүшесі, бірнеше кітаптар мен өлең жинақтарының авторы.

ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығы меңгерушісі Ералы Тоғжанов ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мерейтой иесіне арналған құттықтауын жеткізетін болады.

Іс-шараға Ұлы Отан соғысы ардагерлері, еңбек ардагерлері,
ҚР Парламенті депутаттары, Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

 

Анықтама үшін телефон: +7 701 764 91 44 Ғабит Нұрәділ