АЛТЫНОРДА
Новости спорта

КАРАТЭ-ДО ШОТОКАННАН ӨТКЕН ЧЕМПИОНАТТА ОҢТҮСТІКТІҢ СПОРТШЫЛАРЫ 71 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

12138548_1500694920228598_145148417746141712_oШымкентте каратэ-до шотоканнан өткен Қазақстанның ашық чемпионатында оңтүстіктің спортшылары командалық есепте бірінші орынды иеленді. Қоржынымызда 21 алтын, 20 күміс және 30 қола медаль бар. Естеріңізге салсақ, 13 қазанда облыстық Жоғары спорт шеберлігі мектебінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған каратэ-до шотакан спортынан еліміздің ашық біріншілігі өткен болатын.  Байрақты бәсекеде үш жас ерекшелігі бойынша ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында 13 облыстан және Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінен барлығы 394 спортшы бақ сынасты.  

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі