АЛТЫНОРДА
Новости

Алматыға Леонардо да Винчидің ұлы туындылары жеткізілді

5 желтоқсан мен 5 ақпан аралығында Алматыда алғаш рет «Леонардо да Винчидің ұлы туындылары» атты бірегей мультисенсорлы көрме өтеді. Жаңа экспозиция итальян суретшісінің өмірі мен шығармашылығына арналған, деп хабарлайды BNews.kz.

Көрмеге келушілер суретшінің қолынан шыққан дүниелермен анимациялық графика және кинематографиялық дыбыс көмегімен таныса алады.

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары атап өткендей, экспозиция үшін арнайы іріктелген жұмыстар Леонардо да Винчи туындыларының ең толық зерттеуі болып танылды.

Естеріңізге салып өтсек, мультиэкрандық шоуды қолданудың осыған ұқсас тәжірибесін қала тұрғындары «Ван Гог. Ожившие полотна» көрмесі аясында бақылаған еді.


BNews.kz «www.bnews.kz».