Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматыда бүгін Райымбек даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында жылу құбыры жарылып, екі көлік сол жерде пайда болған шұңқырға түсіп кеткен. Апат күндізгі сағат 12-лер шамасында болған.

“Холдинг Алматы жылу” мемлекеттік коммуналдық мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1980 жылдары салынған диаметрі 800 метрлік құбыр жарылған. Шұңқырға түсіп кеткен бір көлік жүргізушісінің денесі күйіп, ауруханаға түскен. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа құбырдың тозуы себеп болған.

“Холдинг Алматы жылу” мекемесінің ақпаратына қарағанда, апаттан көп қабатты төрт үй, екі мектеп пен басқа он нысан жылусыз және ыстық сусыз қалған.

Алматыда осыдан тура бір жыл бұрын, 2014 жылы ақпанның 10-ы күні Райымбек және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жылу құбыры жарылысынан пайда болған шұңқырға қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобус түсіп кетіп, бес адам зардап шеккен еді. Олардың бірі – 67 жастағы ер адам қатты күйік салдарынан бірнеше күннен соң ауруханада қайтыс болған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26839559

Рубрика: