Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Наурыздың 12-сі күні Алматыда журналист Илона Екшембееваның кісі қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

“Интерфакс” агенттігінің хабарлауынша, 40 жастағы журналист әйелді Алматыдағы пәтерінде белгісіз біреулер пышақтап өлтіріп кеткен.

Полиция агенттікке Екшембееваның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастағанын ғана хабарлаған. ​

Илона Екшембеева әр жылдары Қазақстанның республикалық телеарналарында, интертет-басылымдарда және Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінде жұмыс істеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150312/330/330.html?id=26897010

Рубрика: